Ашхабадта ТМД премьерлері бірыңғай интернет-ресурс құру жайын талқылайды

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Ашхабадта 21 қараша күні Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) премьер-министрлері туризм саласындағы бірыңғай интернет-ресурс құру жайын талқылайды, деп хабарлады ТМД атқарушы комитетінің баспасөз қызметі.
«Туристік өнімдерді жылжыту жүйесін дамыту үшін ТМД қатысушы мемлекеттерінің туризм саласындағы ортақ интернет-ресурсын құру туралы мәселесін пысықтап алу, бірқатар халықаралық туристік көрмелер мен форумдар өткізу жоспарланып отыр», - делінген ТМД атқарушы комитеті баспасөз қызметінің сейсенбі таратқан хабарында.
Сондай-ақ «туристік қызметтерді ұсыну стандарттарын үйлесімдендіру, орналасу орындарын дамыту үшін туризм саласындағы кәсіби стандарттар, ТМД кеңістігіндегі туристік бағдарлаушы ақпараттың бірыңғай стандарттары жасап шығарылатыны» атап өтіледі.
«Жоспарда (2020 жылға дейінгі кезеңде ТМД қатысушы мемлекеттерінің туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған жоспар – ҚазТАГ) ТМД кеңістігіндегі тиісті инфрақұрылымның дамуына ерекше орын беріледі», - деп көрсетілген хабарда.
Құжатқа сәйкес, ТМД кеңістігінде ТМД кеңістігінде туризмді дамытудың ұлттық заңдары мен мембағдарламаларын; туризм статистикасы бойынша халықаралық кеңестемелерді енгізу тетігін жасап шығару жалғасады, «Туристік-экскурсиялық қызмет көрсету. Туристер мен экскурстанттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптары» мемлекетаралық стандарты енгізіледі, уақытша жүрген елдегі туристер қауіпсіздігіне қауіп-қатер туралы хабардар ету жүйесін қолдану бойынша тәжірибе алмасу жалғасады.

adimage