АШМ басшысының экс орынбасары ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нұрәлиұлы Нысанбаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Нысанбаев 2014 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған, 2013 жылғы ақпанда ҚР қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған, 2009–2013 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.

adimage