Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – «Ашуына тимеуді» талап еткен бұрынғы ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Еуразия экономикалық комиссиясының министрі болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешімімен 2019 жылдың 21 мамырында Серік Жұманғарин ЕЭК Еуразия экономикалық коллегиясының мүшесі (министрі) болып тағайындалды», - деп хабарлады Қазақстан ұлттық экономика министрлігінде сейсенбі күні.
Жұманғарин 2017 жылдың қаңтарынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. Оған дейін 2014 жылдың тамызынан 2017 жылдың қаңтарына дейін ҰЭМ табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетін басқарды, ал оған дейін – 2013 жылдың ақпанынан бастап 2014 жылдың тамызына дейін өңірлік даму вице-министрі болды.
Еске салсақ, ақпанда Жұманғарин шаралардың бірінде қойылған сұрақтан кейін журналистерге «Ашуыма тимеңіздер!» деп мәлімдеген болатын. Кейін ол БАҚ қызметкерлерінен өз сөзі үшін кешірім сұрады. 9 сәуірде белгілі болғандай Жұманғариннің орнына ҰЭМ орынбасары қызметіне Жаслан Мәдиев келді.
Атап өтелік, Жұманғарин оған дейін де сөгіс алып, сыйақыдан қағылып, «сары карточкаға ілініп» тұрған еді. Бұл жаза тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан тарифтерге қатысты айтылған сын салдарынан болған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Билік елге шетелден білікті мамандарды тарту үшін қандай жұмыс атқаруда29 Наурыз 2024, 10:26
-
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатігездікпен өлтіріп кеткен29 Наурыз 2024, 10:21
-
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр жауады деп күтілуде29 Наурыз 2024, 09:32
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17