Аслан Талпақов: 2016 жылдың бірінші тоқсанында банк секторында өлі тыныштық болды

Алматы. 1 тамыз. ҚазТАГ – Ксения Бондал. 2016 жылдың бірінші тоқсанында банк секторында өлі тыныштық болды. Ол қандай себептермен болғаны туралы ҚазТАГ тілшісіне «Халық банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аслан Талпақов айтып берді.

- Аслан Бақтыгерейұлы, Ұлттық банк мәліметтерінше, экономиканы екінші деңгейдегі банктермен кредиттеу қысқарды. Банк секторының ағымдағы жағдайы туралы есепте ол 1 маусымға жыл басынан бері Т250 млрд сомаға азайғаны туралы айтылады. Сіздіңше ол немен байланысты?

- Біз жыл басынан бері шынымен де кредиттік портфельдің құлауын көріп отырмыз. Ол бірнеше фактордың арқасында орын алды. Ең алдымен 2016 жыл басына теңгелік өтімділікке қатысты жағдай өте ауыр болды. Ал көптеген банктер оған қатысты 2015 жылдың өзінде-ақ қиындықтарды көрген болатын. Сөйтіп, теңгенің жетіспеушілігінен, және оның тым қатты құбылмалығынан, ұлттық банк құны банктер үшін өсіп отырды.

- Ұлттық банк қымбатқа сатып отырды...

- Өтімділіктің жалғыз көзі Ұлттық банк болды, ол өтімділікті своптар мен РЕПО арқылы беріп отырды. Олар бойынша мөлшерлемелер өсіп отырып, қорландыру құнын банктер үшін тым жоғары етті. Сәйкесінше, ақтық қарыз алушы үшін кредит, банк маржасын қоса алғанда тым қымбатқа түсті. Сондықтан біздің банктің сол кездегі ұстанымы келесідей болды: сол кезге бізде жоғарғы мөлшерлемемен өтімділік болғанның өзінде, біз ондай кредитті алуды ұсынбаған едік. Борыштық салмағы тым жоғары болып, қарыз алушы үшін кредит алудың еш мағынасы болмаған болар еді.

- Сіз қазір 2015 жылғы жағдай туралы айтып бердіңіз. Ал биыл неге кредиттеу қысқарып қалды?

- Біз 2016 жылдың бірінші тоқсанында портфельдің құлауын байқадық, ол клиенттердің жоспарлы өтеулерінің есебінен, яғни берілген кредиттер бойынша төлемдер болды, бірақ жаңа займдар берілмеді, ал кредиттік портфель барлық дерлік банктерде құлдырады. 2016 жылдың екінші тоқсанында жағдай теңге бағамымен бірге тұрақтады. Ақпан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлеме туралы мәлім етті де, шынымен сол бойынша банктерге өтімділік бере бастады. Осының арқасында нарыққа қатысушыларға қорландыру құны туралы түсінік келді және кредиттер мөлшерлемесі сол кездегі заңды тұлғалар үшін 25%-дан, ал жекелеген банктерде ол 27% болған, құлай бастады.

- Ендеше кредиттерге неліктен кезек болмағаны түсінікті болды.

   
- Қазір жағдай салыстырмалы түрде айтсақ қалыпты, бірақ біз бәрібір 2014 жыл деңгейіне келген жоқпыз. Ол кезде заңды тұлғалар үшін мөлшерлеме 12-14% аралығында еді. Тағы бір теріс фактор экономикалық ахуал еді: сатып алу қабілеті төмендеді, халық бірінші кезекте керек заттарға ғана байыппен жарата бастады. Сәйкесінше кәсіпкерлік белсенділік өте төмендеді. Біздің көптеген компаниялар өздерінің бюджеттерін қысқартты, ал оларға ШОБ субъектілері де қарай бастады. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында біз өлі көріністі байқадық, ол кезде мембюджеттің шығыны қысқарып, тізбекті түрде ірі компаниялар мен ШОБ шығындары қысқара бастады.

-Компаниялар келісім-шарттар жасаған жоқ, себебі ақша болмады ма, әлде бағамның тұрақталғанын күтті ме?

- Менің ойымша, барлығы нарықта өз шығындарын оңтайландырған, ал капталдық жинақтары мен инвестицияларына басымдық берді немесе жақсы уақытқа дейін кейінге шегерді.

- Біздің ШОБ –тың негізінен тендерлер арқасында күн көріп отырғанын ескерсек, онда бұл оларды жоятын процесс.

- Мемтапсырыс нарықтың басым бөлігін қалыптастырады. Мен бюджеттік мекемелер мен квазимемлекеттік компаниялардың тендерлерін айтып отырмын. Нарықтың көп не аз бөлігі деп айта алмаймын, бірақ маңызды бір бөлігін. .

- Халық қазір осы аптаның басында Ұлттық банк бекіткен 14% деңгейіндегі депозиттер бойынша мөлшерлемелердің мәні жоқ деп алаңдаулы, себебі теңге 16% девальвацияланды. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

- Біздің проблемамыз мынада, барлығы өз жинақтарын доллармен сақтайды, ал кредитті теңгемен алғылары келеді. Мөлшерлеме көлеміне келсек, теңге бағамы тұрақтанған жағдайда, 14% қалыпты мөлшерлеме болып көрінген. Алайда теңгенің тағы да тәлтіректей бастағанын ескерсек, онда девальвациялық болжалдар тағы да артады деген қауіп басым, сөйтіп халық қайтадан доллармен жинауға көшеді. Бұл жерде қарапайым математика жұмыс жасап тұр. Егер ұлттық валюта, мәселен, 20% девальвацияланатын болса, онда 14% барысында депозит салымшылары кірістерін жоғалтады. Ал егер олар депозитке доллармен салса, тіпті 2% кезінде де, ұтады.
- Енді Ұлттық банктің кредиттер бойынша банктік комиссияларға қойылған соңғы шектеулеріне тоқталсақ. Солардың есебінен банк кірісінің қандай пайызы қалыптасады?
- Пайыздық комиссия деген бар, яғни ол кредиттен түсетіннің барлығы, және пайыздық емес – ол транзакциялық банкинг, қазынашылық және сауда операциялары бойынша алынатындар. Салыстырар болсақ, пайыздық комиссиядан түсетін кіріс пайыздық еместен көп.

- Сонда банктердің қазіргі жадайында 40-тан 11 комиссияға дейін қысқарту саладағы онсыз да мәз емес жағдайды құлдыратып жіберуі мүмкін ғой?

- Салаға қатысты салдарына келер болсақ, онда барлығы жекелеген банктердің бизнес-үлгісіне байланысты. Егер банк белсенді кредиттеуге бағытталған болса, онда кредит бойынша мөлшерлемені төмендетіп, комиссияның бекітілген 11 түрі аясында комиссия мөлшерін арттыру арқылы өтей алады.

- Яғни Ұлттық банк заңды түрде комиссия санын қысқарта алады, ал банктер бұл ретте де толық алынбаған кірістің орнын толтыру амалын табады ма?

- Бекітілген тізімге кірмеген комиссияны алу мүмкіндігін көріп отырған жоқпын. Тіпті біреулер аталмыш шараны айналып өтпек болса да, оны анықтау оңай. Банктер тұрақты түрде тексерістен өтіп тұрады, сондықтан олардың айла-шарғысының орын алу мүмкіндігі төмен.

- Сұхбатыңызға рақмет.

adimage