Астана-1 стансасы бойынша жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі уақытша Астана-Нұрлы жол стансасына ауыстырылады

Күні: 15:29, 08-01-2019.

Астана. 8 қаңтар. ҚазТАГ - Астана-1 стансасы бойынша жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі уақытша Астана-Нұрлы жол стансасына ауыстырылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«2019 жылдың 24 қаңтары күні сағат 00-00-ден бастап 18-00-ге дейін Астана-1 стансасында жолаушылар пойызының қозғалысы Астана-Нұрлы жол темір жол стансасына ауыстырылады. Осыған байланысты Астана бойынша жүретін 36 жолаушылар және қалааралық пойыздың жүру кестесіне 1-2 сағатқа түзетулер енгізілген», - деп хабарлады сейсенбіде «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінде түсіндірілгендей, жоғарыда аталған шара Астана-1 стансасы жолдары мен нысандарына күрделі жөндеу жүргіузу кестесіне сәйкес жоспарлы жұмыстардың жүргізілуімен байланысты орын алған.
«Жұмыстар темір жолдардың тоқтаусыз жұмыс жасауы, қозғалыс қауіпсіздігінің қалтқысыз сақталуы үшін Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жүргізілуде», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: