Астана. 7 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Астанаға кіретін Астрахань және Қарағанды жолдары жағынан өзге қаланың автокөліктеріне арналған арнайы тұрақтар салынады, деп хабарлады «Астана автомобиль көлігі мен автомобиль жолдарын басқару» ММ басшысының орынбасары м.а. Еділ Сүлейменов.
«Жобалаудың іс басындағы нормалары қалаға кіре берістен жолшыбай тұрақтарды орналастыруды қарастырады. Сол нормаларға сай, жолшыбай тұрақтар қоғамдық көлік және такси аялдамаларының маңында орналасуы тиіс. Қазіргі таңда жобалап отырған автовокзалдар жанындағы Абылай хан және Тілендиев даңғылдарының 2-кезегі аясында екі жолшыбай тұрақ құрылысына жер телімдерін бөлу жұмысы жүргізілуде», - деп хабарлады Е. Сүлейменов ҚазТАГ агенттігінің сұрауына жауап қатып.
Мұнымен қатар ол қалаға кіре берістегі аталған тұрақтардың ақылы болатын-болмайтынын нақтыламады.
Ол басқарма Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп елордада ақылы тұрақтар жүйесін енгізу жұмысын бастағанын еске салды.
«Ақылы тұрақтарды тиімді ендіру үшін іс басындағы ҚР заңнамасына өзгерістер енгізу қажет болады, себебі ол тұрақпен байланысты жекелеген мәселелерді регламенттемейді, әлде жеткіліксіз дәрежеде регламенттейді. Тиісті нормативті-құқықтық базаның жоқтығы салдарынан ҚР заңнамасын аталмыш сала қызметі үшін жетілдіру жұмысы жүргізілуде», - деп жауап берді Е. Сүлейменов.
Басқарма өкілі жалпы алғанда аталған жоба Астанада 20 мыңға дейін ақылы көлік орындарын құруды қарастыратынын хабарлады.
Атап айтқанда, коммуналды жеке меншік қарамағындағы жүретін бөліктер маңында орналасқан тұрақтық қалталар ақылы болмақ.
«Ақылы тұрақтар жүйесі жобасын құру аясында жол қозғалысын ұйымдастыру бөлігін жасап шығарғаннан кейін аудандар бойынша көлік орындарының нақты саны анықталатын болады», - деп хабарлады ол.
«Одан өзге, 10 паркинг құрылысы бойынша шешім қабылданып, жұмыс жүргізілуде: 1 кезек – Есіл өзенінің сол жағалауынан 1 340 көлік орындық жалпы сыйымдылығы бар 3 тұрақ; 2 кезек – 4 мыңға жуық көлік орындық сыйымдылығы бар 7 тұрақ (сол жақ жағалаудан 2 400 көлік орындық жалпы сыйымдылығы бар 4 тұрақ және оң жақ жағалаудан 1 600 көлік орындық жалпы сыйымдылығы бар 3 тұрақ). Паркингтер құрылысын қаржыландыру мемлекеттік-жеке серіктестік схемасы бойынша іске асыралатын болады», - деп атап өтті Е. Сүлейменов.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев климаттың өзгеруі бойынша БҰҰ конференциясына қатысу үшін Дубайға келді1 Желтоқсан 2023, 16:31
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, қар күтіледі1 Желтоқсан 2023, 14:47
-
Ұлттық қордан трансферттерге және «ҚазМұнайГаз» АҚ акцияларына $1,32 млрд жұмсалды1 Желтоқсан 2023, 12:50