Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. 21 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде, 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с. 22 қыркүйекте кей жерлерде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады. Астана қ.: 21-22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 22 қыркүйекте бұршақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% деп болжауда.
«21 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 21 қыркүйекте жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %», - делінген хабарда.
Астана, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді
