Астанаға қонған Делиден келе жатқан ұшақ бортындағы тырысқақ ауруының белгілері бар деген жолаушы әбігерге түсірді

Күні: 10:54, 12-03-2019.

Астана. 12 наурыз. КазТАГ – Дели – Астана әуе рейсінің бортынан тырысқақ ауруының белгілері бар деген жолаушы анықталды, деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз қызметінен.
«Эйр Астана» компаниясы агентінің хабарлауынша, Дели – Астана бағытындағы КС-242 рейсі бортында «тырысқақ» ауруының белгілері бар науқас болған. Рейс Астанаға 2019 жылдың 11 наурызында 23.50-де келіп қонған. Бортында136 жолаушы болған», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Ақпарға сәйкес, ол Украина азаматы болып шыққан. Оның дене қызуы 37 С., диарея, жүрегі айну секілді ауру белгілері айқалған.
«Осыған байланысты қалалық денсаулық сақтау және әуежай қызметі эпидемияға қарсы шаралар алгоритмін жүзеге асырды. Екі жедел-жәрдем көлігі мен санитарлық тазалау бригадасы жұмылдырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің барлық тиісті қызметтері жұмылдырылды, халықтың денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті эпидемияға қарсы шаралар кешені қабылданды», - делінген баспасөз парақшасында.
Сондай-ақ, хабарланғандай, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин де әуежайға барған.
Кейін белгілі болғандай, жолаушыға қойылған диагноз расталмаған. Талдау қорытындысы теріс болған. Украина азаматында өткір ішек инфекциясы болып шыққан.


Жаңалықтармен бөлісу: