«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр

Астана. 12 қыркүйек. ҚазТАГ – «Астана-АЭК» акционерлік қоғамы электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық қаражат жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Астана-АЭК» АҚ; атауы - электромонтаж жұмыстары; қосымша сипаттамасы - 220-110 кВ желісіндегі реактивті қуатты компенсациялау және 110/10/6 кВ «Западная» қосалқы станциясында ҚБЖ орнату.; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т1 887 715 582», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 20 қыркүйекте басталып, 7 қазанда аяқталады.

Фото көзі: 2gis.kz


adimage