Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы арзандады

Алматы.15 сәуір. ҚазТАГ –Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында доллар бағамы арзандады, деп хабарлады Kurs.kz.
Астана қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т378, сату - Т379,5 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т378,6, сату – Т380,2.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатыл алу бағамы Т379, ал сату - Т380.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т379,59 құрайды.

adimage