Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында АҚШ долларын сату бағамы Т378-ге өсті

Күні: 10:41, 14-11-2018.

Алматы. 14 қараша. ҚазТАГ – Астана, Алматы және Шымкент айырбас қосындарында АҚШ долларын сату бағамы Т378-ге өсті, деп хабарлайды Kurs.kz.
14 қарашадағы жағдай бойынша, Астана қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының ең жоғары сатып алу бағамы T375, сатылу - T377 болды.
Алматыда $1 сатып алу бағамы Т375,8, сату – Т378.
Шымкентте $1 сатып алу бағамы Т374,5, ал сату - T377.
ҚР Ұлттық банк сайтында жарияланған 1 доллардың ресми бағамы Т374,2 тең.


Жаңалықтармен бөлісу: