Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:03, 03-01-2019.

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Бейсенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада аздаған бұлтты, 2-4 м/с жел тұрады. Күндіз -17-19, түнде -23-25.
Алматыда да бұлтты, екпіні 5 метр/секунд болатын жел тұруы мүмкін. Күндіз -1+1, түнде -4-6.
Шымкентте бұлтты, 1-7 метр/секунд аздаған жел тұрады. Күндіз +8+10, түнде 0-2.


Жаңалықтармен бөлісу: