Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбас қосынында АҚШ долларының сату бағамы Т371-ге дейін жетті

Күні: 10:41, 31-10-2018.

Алматы 31 қазан. ҚазТАГ – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбас қосынында АҚШ долларының сату бағамы Т371-ге  дейін жетті, деп хабарлайды Kurs.kz.
31 қазандағы жағдай бойынша Астана қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының ең жоғары сатып алу бағамы T368,01, сатылу - T370 болды.
Алматыда $1 сатып алу бағамы Т369,2, сату – Т371.
Шымкентте $1 сатып алу бағамы Т368,5, ал сату - T370.
ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланған ресми доллар бағамы $1 үшін Т368,55 тең.


Жаңалықтармен бөлісу: