Астана аудандық сотының Шаяхметовтың ісін қосымша тергеуге жіберу туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылды

Күні: 17:46, 22-10-2014.

Астана. 22 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Астананың аппеляциялық сот алқасының судьясы Алма Есімова Алматы аудандық №2-ші сотының білім және ғылым экс-вице-министрі Саят Шаяхметовтың ісін қосымша тергеуге жіберу туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.  
«Сот қаулы етеді: Астана қаласы Алматы аудандық №2-ші сотының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі Шаяхметов, Пак, Киреев, Тутубалиндердің қылмыстық істерін қосымша тексеруге жіберу туралы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, ал прокурордың жеке наразылығын,  адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмасын», - деді А. Есімова сәрсенбі күні сотта.
Атап айтқанда, сотта бұл іс бойынша тергеу толық жүргізілмегені, құлмыстық-процессуалдық заңнамалар айтарлықтай бұзылғаны анықталды. Сарапшылардың бұл іске қатысты көрсетулері қарама-қайшы, ҚР БҒМ-ге келген материалдық шығын сомасы белгісіз.    
«Бірінші сатыдағы сот жекелеген лауазым иелеріне қатысты қылмыстық тергеуді қорғаушылар тарапының уәждерін лайықты тексерместен тоқтату керектігі туралы қабылданған процессуалдық шешім ерте деген қорытындыны дұрыс жасап отыр», - деді ол.  
Мұның алдында Шаяхметовтың адвокаты Нұрлан Байсекеев БҒМ жоғарғы лауазымды шенеуніктерін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін қою керек деп мәлімдеген.
«Ғалымова (Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова - ҚазТАГ) - осы бюджеттік бағдарламаны қадағалап отырған. Тікелей бақылауда ұстаған жалғаз тұлға екені анықталды», - деген еді Н. Бейсекеев.
Оның айтуынша, іс материалдарына сәйкес, жауапты хатшы - салынып жатқан құрылыс нысандары туралы мәліметтер келіп тұрған, оның ішінде қандай нысан кестеден кешігіп жатқаны туралы ақпар келіп тұрған жалғыз тұлға.
«Ол тұлға қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар бірінші тұлға. Бұл оның өзінің айтуынша, және ол оны теріске шығарып отырған жоқ», - деп түсіндірді Шаяхметова.
«Мен, сот (Астана қаласы    Алматы ауданының №2 соты - ҚазТАГ) басқа тұлғалардың жауапкершілігі туралы мәселені жіті қарау керектігі туралы мәселені дұрыс қойды деп ойлаймын. Бұл Шаяхметов секілді осындай құжаттарға қол қойған екі вице-министрге де қатысты», - деп атап өтті адвокат.  
Ол аталмыш тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім шығарылғанын еске салды.  
Бұған дейін хабарланғандай, қыркүйекте сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденген және ысырап еткен деп айыпталған ҚР білім және ғылым бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовтың ісі қосымша тергеуге жолданды. Алайда прокуратура бұл шешімге наразылық білдірді. Еске салсақ, ақпан айында прокуратура Шаяхметовтың ісін қосымша тергеуге жіберді. Алдымен сотталушыларды алаяқтық жолмен бюджет қаражатын жымқырған деп айыптаса, қосымша тергеуден кейін аса ірі көлемдегі мүлікті ысырап еткен деген айып тағылған.  
Естеріңізге сала кетейік, ҚР бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтың сот ісі 2014 жылдың 16 шілдесінде басталды. Ол да, өзге айыпталушылар да өз кінәләрін мойындамай отыр.Саят Шаяхметов, Роман Киреев, Александр Пак пен Алексей Тутубалинге сеніп тапсырған біреудің мүлкін иелену және үлкен көлемде ысырап ету айыбы тағылған (ҚР ҚК 176 бап. 4 б. «б» п). 2013 жылдың қараша айында қаржы полициясы, ҚР бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовқа қарсы қозғалған қылмыстық істі аяқтады. Оған Өскемендегі 700 орынға арналған білім мекемесінің құрылысы барысында қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылды. Мемлекет шығыны 1,1 млрд. теңгені құрады. Қылмыстық іс 2013 жылдың сәуір айында қозғалды. Ал, 14 мамырда көрсетілген қылмысқа жауапты деген күдікпен С.Шаяхметов пен ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясының бас директоры Александр Пак ұсталды. Сот санкциясы бойынша С.Шаяхметов үй қамаққа, ал А.Пак қамауға алынды.
2013 жылдың қарашасында қаржы полициясы қылмыстық сіті тексеруді аяқтады.


Жаңалықтармен бөлісу: