Астана автобустарының жүргізушілерін жол жүру үшін қолма-қол ақша қаражатын қабылдау жөніндегі күн сайынғы жасырын жоспарды тапсыруға мәжбүрлейді

Күні: 13:28, 12-10-2018.

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың атына жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесінің енгізілуіне байланысты елордада қоғамдық көлік жұмысына мониторинг жүргізу нәтижелерін жолдады, деп хабарлады ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметінен.  
«Автобустардың жүргізушілерімен әңгімелесу барысында алынған жол жүру үшін қолма-қол ақша қаражатын қабылдау жөніндегі күн сайынғы жасырын жоспарды белгілеу туралы ақпарат белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, бірқатар жағдайларда жол жүру ақысын қолма-қол төлейтін жолаушыларға билеттер берілмеген. Бұл жағдайлар қоғамдық көліктегі қаражаттың көлеңкелі айналымының болжамды азайтылуына және айқындылығына қол жеткізуге ықпал етпейді», - делінен жұмада таратылған мониторинг нәтижелерінде.  
Қала әкімдігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 93% - дан астам жолаушы жол жүру ақысын төлеу үшін көлік карталарын пайдаланады. Валидаторлардың көлік карталарынан қосарланған тарифті есептен шығару жағдайлары жиі туындап, сондай-ақ, «қарбалас сағаттарда» «кептелістер» салдарынан олар бірінші жол жүргеннен кейін көзделген 60 минут ішінде тегін ауысып отыру мүмкіндігін пайдалануға үлгермей қалатындары жолаушылардың наразылығын тудырады.
«Көлік карталарын толықтыру мәселелеріне, оның ішінде терминалдардың жеткіліксіз санына байланысты жекелеген назар аударылды. Осылайша, елордада жұмыс істейтін 30 терминалдың тек сол жағалауында барлығы 7 терминал орналасқан, оның 5-і «Министрліктер Үйі» аялдама аймағында шоғырланған. Бұл ретте Сауран, Ақмешіт, EXPO, Ш. Айтматов және басқа да көшелер аудандарында мұндай терминалдар мүлдем жоқ. Сонымен қатар, олардың дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты жағдайлар, соның ішінде терминал арқылы төлем жүргізу кезінде көрсетілген карталарға ақша қаражатының бірқатар жағдайларда түспейтіні анықталды», - деді баспасөз қызметінен.
Азаматтардың жекелеген наразылықтары, сонымен қатар, Qiwi немесе Kaspi төлем қызметтері арқылы көлік карталарын толтырудың балама жолдарын пайдалану арқылы туындаған, себебі олар арқылы төлем тек 24 сағат ішінде ғана түседі. Қолданыстағы техникалық кемшіліктерді ескере отырып, SMS және QR кодтары бойынша төлеу нұсқалары толығымен пайдаланылмайды.
«Мониторинг жүргізу кезінде сондай-ақ, автобустарда жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде ережелердің бұзылатыны анықталды. Осылайша, жүргізушілер жолаушыларды бірден көліктен түсірмейді, басқа жолаушыларды алдыңғы есік арқылы отырғызу аяқталғаннан кейін және олардың көлік карталарының валидациясын жүргізгеннен кейін ғана түсіруді жүзеге асырады, бұл адамдардың шығу алдында топырлап жиналуына және олардың әдетте басқа автобустарға қайта отыруына үлгермеуіне байланысты наразылығын тудырады», - деді баспасөз қызметінен.  
Сондай-ақ, азаматтардың хабарламалары бойынша жекелеген бағыттарда автобустарды күту уақытының аралығы ұлғайған көлік құралдарының қысқаруы байқалады. Осыған байланысты жолаушылардың қайта ауысып отыруына жоғарыда аталған 60 минуттық лимит мағынасынан айрылады.
Автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына (қозғалыс жылдамдығын арттыруға, қауіпті маневрлер жасауға, қозғалыс кезінде ұялы телефонмен сөйлесуіне байланысты және т. б.) жиі болған жазатайым жол-көлік оқиғалар елеулі алаңдаушылық тудырады.  ..



Жаңалықтармен бөлісу: