«Астана-Банкі» жеке тұлға - салымшыларына кепілдік берілген өтемақыны төлеуге уәде берілді

Күні: 13:01, 19-09-2018.

Алматы. 19 қыркүйек. ҚазТАГ - «Астана-Банкі» жеке тұлға - салымшыларына кепілдік берілген өтемақыны төлеуге уәде берілді, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі баспасөз қызметінен.  
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) 2018 жылғы 18 қыркүйекте Ұлттық Банк Басқармасының «Астана Банкі» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауына байланысты жеке тұлға-салымшыларды теңгемен және шетел валютасындағы депозиттер, төлем карточкаларындағы және банктік шоттардағы ақша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (бұдан әрі – ҚДКҚ) кепілдігімен қорғалғанын ескертеді, демек, болашақта сот банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда, ҚДКҚ жеке тұлға-салымшыларға кепілдік берілген өтемақыны төлеуді жүзеге асырады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Кепілдіктің ең жоғары шегі: теңгемен депозиттер бойынша – 10 миллион теңгеге дейін;  шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгеге дейін мөлшерді құрайды, делінген хабарда.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражатынан банктің мынадай клиенттері: жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар өтемақы алуға құқылы.
«Банктік шоттағы қалдық өтелуге тиіс. Банк есептеген сыйақыға кепілдік берілмейді. Егер банктік салым шартында сыйақыны капиталдандыру көзделсе, онда капиталдандырылған сыйақы депозиттің негізгі сомасына қосылады және кепілдік объектісі болады», - деді баспасөз қызметінен.
Банктің ақпарынша, «Астана Банкі» АҚ-та жеке тұлғалардың барлығы 41,2 миллиард теңге сомаға депозиттері орналастырылған. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өтемақы төлеу бойынша міндеттемелері 37 миллиард теңгені құрайды.
«Банк клиенттерінің 0,1%-нан азының кепілдік берілген сомадан артық депозиттері бар және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан кепілдік берілген сома шегінде өтемақы алады, ал кепілдік берілген сомадан жоғары сомадағы өтемақыны тарату комиссиясынан алады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, ҚРҰБ Төрағасының бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған «Астана Банкі» АҚ-тың барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшіліктің құрамына ҚРҰБ мамандары кірді. «Астана Банкі» АҚ-тың уақытша әкімшілігі сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады. Уақытша әкімшілік банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, банкті басқару, банктің активтерін анықтау, ұйымның активтеріне, міндеттемелеріне және құжаттарына түгендеу жүргізу үшін тағайындалады. Өзінің жұмыс істеу кезеңінде уақытша әкімшілік «Астана Банкі» АҚ-тың активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке бірмезгілде беру мүмкіндігін бағалайды. «Астана Банкі» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап 14 жұмыс күні ішінде ҚДКҚ жұмыс істейтін қазақстандық банктердің қайсысының «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларымен төлем жөніндегі агент ретінде жұмыс істейтінін жариялап, салымшылармен есеп айырыса бастайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл банктің қаржылық жағдайы тұрақты, еліміздің барлық жерінде салымшыларға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін ауқымды филиалдар желісі және инфрақұрылымы болуға тиіс. Бұл банк «Астана Банкі» АҚ-тың салымшыларымен ҚДКҚ-ның атынан және оның қаражаты есебінен жұмыс істейтін болады.



Жаңалықтармен бөлісу: