«Астана Банкінің» салымшыларына 26 қаңтардан бастап өтемақы төленеді

Алматы. 10 қаңтар. ҚазТАГ – «Астана Банкі» АҚ салымшыларына «Еуразиялық банк» АҚ агент банкі арқылы 2019 жылдың 26 қаңтарынан бастап өтемақы төленеді, деп хабарлады Қазақстан Халық банкі баспасөз қызметінен.
«Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауды және өтемақы төлеуді агент банк «Еуразиялық банк» АҚ-тың Қазақстан Республикасындағы барлық филиалдары мен бөлімшелерінде сенбі күні, 2019 жылғы 26 қаңтарда бастайды, 27 қаңтарда жалғастырады. Дүйсенбі, 28 қаңтардан бастап 26 шілде аралығындағы кезеңде агент банк «Астана Банкі» АҚ салымшыларына төлемді агент банк ретінде бөлімшелері мен филиалдарының әдеттегі жұмыс режимінде жүргізетін болады», - делінген хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, 26–27 қаңтарда «Еуразиялық банк» АҚ-тың филиалдары мен бөлімшелерінде «Астана Банкі» АҚ салымшыларына ғана қызмет көрсетілетін болады.
«26 қаңтарға дейін агент банк филиалдары мен бөлімшелерінің таратылатын «Астана Банкі» АҚ салымшыларының өтініштерін қабылдауға, оларды қарауға немесе өтемақы төлеуге құқығы жоқ», - делінген хабарда.
2019 жылдың 9 қаңтарында ҚазТАГ Алматы қалалық сотының «Астана банкін» тарату туралы шешімін күшінде қалдырғанын хабарлаған еді.
Еске салсақ, 18 сәуірде Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің қорытындысы бойынша өткен кеңесте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ЭксимБанктің», «Астана Банкінің» және Qazaq Bankiнің жұмыстарын «нашар» деп атады.

adimage