«Астана банкінің» салымшыларына міндеттемелердің жалпы сомасының 93,7% өтеді – Ұлттық банк

Алматы. 21 ақпан. ҚазТАГ – Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ-тың клиенттеріне 35,2 млрд теңгеге жуық сомаға кепілді өтемақы төледі, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Еуразиялық банк» АҚ «Астана Банкі» АҚ-тың клиенттеріне 35,2 млрд теңгеге жуық сомаға кепілді өтемақы төледі, бұл «Астана Банкі» АҚ-тың салымшылары алдындағы 37,5 млрд теңгеге тең міндеттемелерінің жалпы сомасынан 93,7%-ды құрайды», - делінген хабарда.
Ұлттық банк ақпарынша, ақы төлеу 2019 жылғы 26 қаңтарда басталды, осы уақытта банк «Астана Банкі» АҚ-тың 41 866 клиентіне қызмет көрсетті. Бір салымшыға қызмет көрсетудің орташа уақыты 5 – 15 минут аралығында болды.
«Астана Банкі» АҚ клиенттері ағынының айтарлықтай азаюына байланысты банк Қазақстанның ірі қалаларында «Астана Банкі» салымшыларына арналған 9 арнайы ақы төлеу орталығын жапты», - делінген хабарда.
Ақпаратта еске салғандай, өтемақы төлеу бөлімшелердің жұмыс режиміне сәйкес банктің жеке тұлғаларға қызмет көрсететін барлық бөлімшелерінде 2019 жылғы 26 шілдеге дейін жалғасады.
«2019 жылғы 26 шілдеден кейін агент банктің бөлімшелеріне жүгінбеген салымшылардың өтемақы төлеу туралы өтінішті тікелей Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорына беріп, өтемақыны қолма-қол емес аударым арқылы алуға мүмкіндігі болады», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, 18 сәуірде Ұлттық банк қызметінің қорытындылары бойынша өткен кеңесте Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Эксимбанк», «Астана Банкі» және «Qazaq Banki» банкінің «өте нашар» жұмысын атады. Ол осы банктердің акционерлері осы қаржы институттарын «нашар басқарып», «ақша салушылардың қаражатын ең дұрыс емес жолмен тартып алған» деп атап өтті. Мемлекет басшысы, егер бұл банктер жұмысын жалғастырғысы келсе, квазимемлекеттік сектор мен азаматтардың қаражатын қайтаруды талап етті.

adimage