Астана бизнесмендерін Конституция күні құрметіне мерейлі медальдармен марапаттады

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Астана бизнесмендерін Конституция күні құрметіне мерейлі медальдармен марапаттады, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ішкі саясат басқармасынан.
«ҚР президентінің жарлығына сай, ҚР Конституциясының басымдығын қамтамасыз етудегі елеулі үлесі, ел тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы, азаматтардық конституциялық құқықтарын қорғаудағы үлесі үшін «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейлі медалімен келесі тұлғалар марапатталды:  Вячеслав Белый, Ольга Бойко, Заура Жаныбекова, Данияр Қасенов, Мейірбек Мәжитов, Нұрлыбек Сейдахмет, Нұрлан Төкенов», -  делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, ресми бөлім соңында Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы м.а. барлығына мерке қарсаңында бейбітшілік, игілік, зор денсаулық пен жұмыста табыс тіледі.

adimage