Астана бюджеті кірістер мен шығыстарды Т17 млрд сомаға арттыру жағына қарай қайта қарастырылмақ

Астана. 10 сәуір. ҚазТАГ – Астана бюджеті кірістер мен шығыстарды Т17 млрд сомаға арттыру жағына қарай қайта қарастырылмақ, делінген мәслихаттың «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2018 жылдың 12 желтоқсандағы №333/42- VI Астана қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасында.
«Астана қаласы мәслихатының 2018 жылдың 12 желтоқсандағы №333/42- VI «Астана қаласының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1 тармақта: 1) тармақшасында: «406 300 487» сандары (кірістер, осы және ары қарайғы сандар мың теңгемен – ҚазТАГ) «423 614 385» санына өзгертілсін; «133 115 524» сандары (трансферттің түсуі бойынша кірістер – ҚазТАГ) «150 429 422» сандарымен ауыстырылсын; 2) тамақшасы: «379 841 918,9» сандары (шығыстар – ҚазТАГ) «397 155 816,9» сандарына ауыстырылсын», - делінген құжатта.
Шешім жобасы 23 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

adimage