Астана дүкендеріндегі сөрелердің бірінен адам денсаулығына қауіпті нан қоспасы анықталды

Күні: 17:01, 01-02-2019.

Астана. 1 ақпан. ҚазТАГ – Астана дүкендеріндегі сөрелердің бірінен адам денсаулығына қауіпті нан қоспасы анықталды, деп хабарлады ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметінен.
«ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті «Домашний продукт» супермаркетінде (Астана қ., 38 көше, 4 үй) өнімнің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу барысында құрамына бидай ұны, жүгері крахмалы, ашытқы, тұз және қара бұрыш қосылған «Кляр» сауда атауы бар адам денсаулығына қауіпті нан қоспасын анықтады. Зертханалық сараптама нәтижелері бойынша генетикалық түрлендірілген сояның сандық құрамы 7-ден 110 есеге дейін, сондай-ақ құрамы 0,9 пайыз рұқсат етілген жағдайда жүгерінің 1,6 пайызға дейін артуы анықталды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Бүл ретте, ведомство ақпарынша, тұтыну қаптамасында көрсетілген өнімдерде гендік-түрлендірілген ингридиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ.
«Азық-түлік өнімдеріндегі ГТА (ГМО) құрамының рұқсат етілген нормасы Алиментариус Кодексінің Халықаралық тамақ стандарттарына сәйкес 0,9 пайыздан аспайды және міндетті түрде таңбалануға жатады», - делінген хабарда
Хабарда атап өтілгендей, аталған өнімнің өндірушісі - Оңтүстік Кореяның «Nulpureun CCo.Ltd» компаниясы.
«Қазіргі уақытта халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган өнімді анықтау және айналымнан алып қою жөнінде қажетті шаралар қабылдауда», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: