«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Күні: 16:18, 09-01-2020.

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, 18 желтоқсанда «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін 2018 жылдың сәуірінен бері атқарып келген Дулат Адырбеков қызметінен босатылған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: