Астана көшелерінің бірін жолдағы жөндеу жұмыстарына байланысты төрт күнге жабады

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Астанада А.Янушкевич көшесінің бөлігі төрт күнге жабылады, деп хабарлады елорданың қоғамдық даму істері басқармасының баспасөз қызметінен.
«Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана қ. ІІД әкімшілік полиция басқармасымен бірге А.Янушкевич көшесі бойында А.Иманов көшесінен А.Пушкин көшесіне дейінгі бөлікте  жол төсеміне тас төсеу жұмыстарын бастау жоспарлауда. Соған байланысты, ағымдағы жылы 23 қазанда (15.00) 27 қазанға дейін (21.00) автокөлік құралдарының қозғалысы жабылатын болады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Қала көшелерінде кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына баратын бағыттарын алдын-ала жоспарлауға ұсыныс берілді.


adimage