Астана әкімдігінде биометриялық мәліметтер бойынша өткізу жүйесін енгізу жоспарлануда

Күні: 14:41, 01-02-2019.

Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Астана әкімдігінде биометриялық мәліметтер бойынша өткізу жүйесін енгізу жоспарлануда, деп мәлім етті Astana Hub Халықаралық ІТ-технопаркінің бас директоры Әділет Нұрғожин.
«Мен айтайын, оның да ауылы алыс емес (меморгандарда биометриялық мәліметтерді қолдану- ҚазТАГ), себебі «Клокстер» жобасы қазірдің өзінде бұл бағытта Астана қаласы әкімдігімен тығыз және пилоттық режимде жұмыc жасауды бастады. «Клокстер» - бұл жұмысқа кіріп-шығу мүмкіндігін беретін биометрия жобасы,яғни адамның көзінің ішкі тор қабықшасы, саусақ іздері арқылы ғимаратқа кіріп-шығуы, сол арқылы уақытының белгіленуі. Бұл жоба өзі нарықта жақсы сұранысқа ие болуда, және бүгінгі күн бұл жоба бізідң ішкі инвестицияарымыздан басқа, халықаралық нарыққа да шықты, келіссөздер жүргізуде және сингапурлық инвесторлардан инвестциияның бірінші кезеңін алды», - деді А. Нұрғожин жұма күні «Жаөандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» форумы бастламас бұрын.
Бұл ретте ол елордалық әкімшілік ғимаратқа жаңа өткізу жүйесі енгізілетін уақытты нақтыламады .
«мен онда қандай келісімдер барын нақты білмеймін себебі біз ндай міселеерге қатты араласаймыз, жалып, иә, көздік ішкі тор қабықшасы, саусақ ідрі арқылы әкімдікке адамдардқ крік-шығару жағы қарастырыуда», - деді технопарк басшысы.
Бұл ретте ол атап өктендей, Между тем он отметил, что проекты Astana Hub жоалары халықаралық нарықат да сұранысқа ие.
«Қазір өз-өзін ақтайтын, үлкен инвестициялар тартқан жобалар бар. Егер 2018 жылдың қорытынысы бойынша айтсақ, жарты жыл ішінде жобаларымызға шамамен 300 миллион теңгедей инвестиция құйылды», - деді Ә. Нұрғожин.


Жаңалықтармен бөлісу: