Астана әкімдігінен көмек ала алмаған көп балалы аналар парламентке келді

Күні: 17:53, 11-04-2019.

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ – Астана әкімдігінен көмек ала алмаған көп балалы аналар парламентке келді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«АӘК (атаулы әлеуметтік көмек – ҚазТАГ) Т21 мың біз алған жоқпыз. Бұрын алғандар сол күйі алып жатыр. Біз әкімдікке келгелі бірнеше ай өтті. Ештеме өзгермеді. Сосын Т21 мың деген не? Жәрдемақы төлеу керек», - деді журналист Светлана Глушкованың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде әйелдердің бірі.
Тағы бір әйел биліктің мемлекеттен жәрдемақы алу тәсілінің жеңілдейтіні туралы уәдесінде тұрмағанын айтты.
«Қайтадан көп құжат сұратып жатыр. Кеше Бейбітшілік 25-те болдым. Ол жерде көп құжат керек екен. Мен кеше бардым да айттым «тек жеке куәлік керек» деп айтты ғой деп. Ал маған: «Кім айтты?» деп таң. Демек меморгандар арасында байланыс жоқ болып отыр ғой», - деді көпбалалы ана.
Әйелдер депутаттармен кедесуді талап етуде.
«БІз депутаттар ана мен баланы қорғау заңын қабылдауларын талап етеміз. Конституцияда аналар мен балаларды қорғау бекітілсін. Кейбіреуліер 10 есе жоғары жәрдемақы алады. Неге біз, көп балалы аналар алмаймыз? Ана капиталын төлесін», - деді мәжіліске келгендердің бірі.
Еске салсақ, көп балалы аналар Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жәрдемақы көлемін өсіруді талап етуде. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.


Жаңалықтармен бөлісу: