Астана әкімі «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру жайын бақылауда ұстауды бұйрық етті

Күні: 13:34, 13-11-2014.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. «Ақылды қала» жобасының жүзеге асырылуы бақылауда ұсталсын, деп бұйрық етті елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков.
«Қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі «Ақылды қала» жобасының жүзеге асырылуы болып табылады. Оған елорда тіршілік әрекетінің көптеген салалары кіреді, сондықтан да бұл мәселені қатаң бақылауда ұстау қажет», - деп түсіндірді Ә. Жақсыбеков бейсенбі күні қала активімен өткен жиналыс кезінде.
Ол ҚР президентінің жолдауы тұрғысынан қала басшылығы мен коммуналды қызметтер алдында тұрған келешекті міндеттерді санамалап өтті.
«Бірінші, «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында Астана қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту керек, бұл елордалық әуежайда жаңа терминалдың құрылысы мен ұшып-қону жолын қалпына келтіруге де қатысты. Екінші, индустриалды инфрақұрылымды дамыту. №2 индустриалды паркті салу жұмыстарын жалғастыру керек, оны нақты жобалармен толтырып, ілеспелі инфрақұрылымды қалыптастыру қажет», - деп атап өтті әкім.
Оның айтуынша, Бұл шағын және орта бизнесті дамытуға, қосымша инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға үлкен түрткі болады.
«Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылым. ЖЭО-1, ЖЭО-2 қалпына келтіру жұмыстарын, ЖЭО-3 және басқа да ірі энергетикалық жобалардың құрылысын, соның ішінде  ТКШ инфрақұрылымын және су-электр қуатымен қамту желілерін жаңғыртуды белгіленген мерзімдерде жүргізуіміз керек. Төртінші. Арендалық тұрғын үй құрылысын жүргізу тәсілдерін қайта қарастырып, оны делдалдарсыз тікелей және барынша төмен пайыздармен несиеге беру керек. Бұл туралы Жолдауда тура айтылған», - деп еске салды ол.
Ә. Жақсыбеков Астананың әлеуметтік секторына назар аударды.
«...Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, жеке секторды тарта отырып, мектептердегі және мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың жетіспеушілігін қысқартуды қолға алу керек.  
Саясаттың жаңа принциптері әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілікке қатысты. Бүгінгі қоғамның талабы  жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясат, оған біріншіден, мемлекет кепіл берген ең төменгі әлеуметтік стандарт, екіншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету, үшіншіден әлеуметтік дисбаланс мәселесін шешу, және ең соңғысы, төртіншіден  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу саясатын модернизациялау жатады», - деді ол.
Сөз соңында елорда әкімі кәсіпкерлік тақырыбын да сырт айналып өтпеді.
«Құжатта ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету керек делінген. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Оның елорданың жалпы өңірлік өнімі құрылымындағы үлесін үлғайту керек», - деп түйіндеді Ә. Жақсыбеков.


Жаңалықтармен бөлісу: