Астана әкімі Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Күні: 18:36, 10-09-2018.

Астана. 10 қыркүйек. ҚазТАГ – Астана әкімі Әсет Исекешев ҚР президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Астана қаласының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген дүйсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.  
Еске салсақ, Астана әкімі қызметінде Әсет Исекешев 2016 жылдың маусымынан бері қызмет етіп келеді.  
Бұған дейін, 2012 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін ол ҚР индустрия және жаңа технология министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен бастап премьер-министр – ҚР индустрия және жаңа технология министрінің орынбасары қызметін атқарған.
2014 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың маусымына дейін ҚР инвестиция және даму министрі қызметінде жұмыс жасады.  


Жаңалықтармен бөлісу: