Астана әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

Күні: 10:23, 15-02-2019.

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – Астана әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды, деп хабалады елорда әкімінің ресми интернет ресурсынан.
«Елорда әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары қызметіне Нұрлан Нұркенов тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда айтылғандай, ол ішкі саясат, жастар саясаты мен ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты мәселелерге жауапты болады.
Хабарда атап өтілгендей, еңбек жолын 1995 жылы «Шамшырақ» ХЖҚ-да менеджер ретінде бастаған болатын. 2003 жылдан 2006 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы, өндірістік сала бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2006-2010 жылдар аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының күрделі құрылыс және техникалық қадағалау, ресми іс-шаралар мен сыртқы байланыстар жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі және орынбасары қызметін атқарды. 2010 жылы Астанадағы «Мөлдір су» ЖШС басшысы қызметіне тағайындалды. 2013 жылдан 2014 жылға дейін Бурабай ауданының әкімі болды. 2014 жылдан Ақмола облысы әкімінің өндірістік сала жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: