Астана әкімшілігі қаражатты талар-таражға салған деп айыпталып отырған екі компанияның тұрғын үйлерін тұғызуды жалғастырмайды - Хорошун

Күні: 16:21, 15-10-2014.

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Астана әкімшілігі «Аль Баракат Компани» ЖШС және «Төленді» ТҚК проблемалық нысандарын аяқтау жөнінде өзіне міндет алмайды, деп хабарлады елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.
«Жергілікті атқару органы (Астана әкімшілігі – ҚазТАГ) өзіне аталған компаниялардың құрылыс нысандарын аяқтау  туралы міндет алмайды, сәйкесінше, жергілікті бюджет проблемалық нысандарға ақшалай қаражат қарастырмайды», - делінген С. Хорошунның ҚазТАГ агенттігіне сәрсенбі күні берген жазбаша жауабында.
Хатта айтылғандай, «Аль Баракат Компани» ЖШС және «Төленді» ТҚК-ларға қатысты басқаның сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде талан-таражға салу туралы іс Астана ІІД ерекше бақылауында. Тергеу жүргізілуде, қажет сараптамалар жасалуда.
Елорданың ІІД де ҚазТАГ салған сауалға шынымен де жоғарыда аталған компаниялар «Аль Баракат Компани» ЖШС және «Төленді» ТҚК-ге қатысты қалалық әкімшіліктен келіп түскен шағым бойынша қылмыстық қозғалғанын растады.


Жаңалықтармен бөлісу: