Астана әкімшілігі Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұзып отырған 4 құрылыс компаниясын анықтады

Күні: 11:33, 04-11-2014.

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Астанада құрылыс жүргізуге рұқсаты жоқ 4 құрылыс компаниясы анықталды, деп хабарлады Астана әкімшілігінің ресми сайты.
«Атап айтқанда, «Стар Даст» ЖШС (Аниса ТК,  «Аниса-2» ТК), Жаманбекова Оксана Алексеевна атынан әрекет ететін компания («Көктал-2» ТК), «Халықаралық инвестициялық-инновациялық компания» ЖШС («Тельман» ТК), «KazJordan construction company» ЖШС («Столичный-2» ТК). Бұл компаниялар Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды белінен басып,  құрылыс жүргізуге рұқсат беретін құжаттар тізімін толық жинамаған», - деп көрсетілген әкімшілік аппаратының сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда.
«Халықаралық инвестициялық-инновациялық компания» ЖШС («Тельман» ТК) тексеру мен іздеу жұмыстарын жүргізу және жобалау туралы келісім; сәулеттік-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ), белгіленген эскиздік жобасын жасамаған», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, аталған тұрғын үй құрылыс компанияларының жұмысы Астанада Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның апта сайынғы отырысында қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша барлық материалдарды ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті шешім қабылдау үшін Астана қаласының Ішкі істер департаментіне жолдау туралы шешім қабылданды.
Егер салушы компания салынып бітпеген нысандарда тұрғын үй аудандарын сатса, оның жоғарыда аталған құжаттардан басқа, үлескерлердің қаржысын тартуға рұқсаты болуы керек.
Бұдан бұрын әкімшілік екі құрылыс компаниясының заңды бұзып отырғаны туралы хабарлаған.


Жаңалықтармен бөлісу: