«Астана LRT» экс-басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ- «Астана LRT» экс-басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады «Астана LRT» ЖШС басқармасының қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов.
«Талғат Арданға интерполдың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында халықаралық іздеу жарияланды.  Халықаралық іздеуді жүзеге асыру Қазақстандағы интероолға жүктелген. Бұл мәселе өкілетті органдардың бақылауында. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан әкімдігі жағдайға түсінік бере алмайды», - деді Игенбердинов  үкімет брифингінде.
Оның айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің тергеушілері ҚР ҚК 176 б. 4б. бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен оған сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпас шарасы тағайындалған.
 Еске салсақ, Талғат Ардан «Астана LRT» ЖШС басқармасының төрағасы қызметінен 2017 жылдың шілдесінде босатылды, ал оның орнына 2019 жылдың қаңтарында Бекмырза Игенбердинов тағайындалды.

adimage