Астана мен Алматыда дүйсенбіде күн ашық болады

Күні: 08:41, 03-11-2014.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Астана мен Алматыда дүйсенбі күні ашық ауа райы болжанып отыр, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Елордада көшпелі бұлт тұрады, жауын-шашын болмайды, солтүстік-шығыстан соққан жел 5-10 м/с, ауа 6-ға дейін қызады.
Алматы ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с дейін , ауа температурасы +17+19.


Жаңалықтармен бөлісу: