Астана мен Алматыдағы азаматтарды ұстау кезіндегі полицейлердің әрекетсіздігі туралы МҚІСЖҚА басқармасының басшысы: бүкіл жүйенің масқарасы деп санаймын

Күні: 18:21, 02-04-2019.

Алматы. 2 сәуір. ҚазТАГ – Динара Жаркеева. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Дидар Смағұлов Астана мен Алматы қаласындағы азаматтарды ұстау барысында жас жігіттердің камераларды жабуларына полицейлердің әрекетсіздік танытуларын елдегі бүкіл жүйенің масқарасы деп атады.
«Қоғам тарапынан объективті сынға алып келетін мемлекеттік қызметкердің әрекеті қызметтік этика нормаларының бұзылуы болып табылады. Жас жігіттерге қатысты полицейлердің әрекетсізігін бүкіл жүйенің масқарасы деп санаймын», - деген сейсенбіде Астанада Наурыз мейрамы кезіндегі азаматтарды ұстау, сондай-ақ сол сәтте жас жігіттердің журналистердің камераларын жабуларына қатысты жағдайға түсінік берген Смағұлов Facebook-те.
Сондай-ақ, ол Наурызда елордада ұсталған журналист Светлана Глушковаға қатысты жағдайға да түсінік берді.
«Сот процесі өтіп жатқандықтан әзірге кедергі келтіруге қатысты баға бере алмаймын», - деп атап өтті Смағұлов.
Бұған дейін хабарланғандай, 1 сәуірде Астана полициясы Наурыз күні елордада ұсталған журналист Светлана Глушкованы іспен танысу үшін келуден бас тартты деп айыптаған.
«Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілінің азаматша Глушковаға қатысты арызы бойынша ҚР ӘҚбК 73-2 бабы бойынша (сабау) әкімшілік хаттама жасалған. Бұл азаматша әкімшілік іс материалымен танысу үшін ішкі істер органына келуден бірнеше мәрте бас тартқан. 31 наурызда Нұр-Сұлтан қаласына келген сәтте әуежайда оған куәгерлердің қатысуымен іс материалы танысу үшін ұсынылған», - делінген дүйсенбіде таратылған ПД түсінігінде.
Ақпарға сәйкес, іс материалдары қарау және шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданған.
Глушкованың өзінің айтуынша, ол полицейлерден бірнеше мәрте іс материалының көшірмесін сұраған, оның тиісті өтініші іс материалына тігілді, оның көшірмесін ол Астана әуежайында 31 наурызда алған.
Еске салсақ, 21 және 22 наурызда Астана мен Алматыда ондаған адамдар ұсталды. Ұсталғандар арасында – журналистер де бар, оның ішінде Светлана Глушкова да бар. Сонымен қатар, адамдар ұсталған жерде БАҚ қызметкерлеріне жұмыс жасауға кедергі келтірілген, ал азаматтарды ұстаудың өзі полиция тарапынан бұзушылықтармен жүзеге асқан. Еске салсақ, 21 наурызда Астанада полиция әкімдік ғимараты алдында референдум жасамастан елорданы Нұр-Сұлтан деп өзгертуге қатысты өз келіспеушіліктерін білдіргісі келген 20 шақты азаматты ұстаған. Сонымен қатар азаматтардың ұсталуы Алматыда да тіркелген. Беделді халықаралық «Репортеры без грани» ұйымы журналистердің ұсталуына түсінік бере келе, Қазақстан билігінен журналистерді аңдуды тоқтатуды талап еткен. 29 наурызда журналистердің ізіне түсуді доғаруды «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры да талап еткен.
ҚазТАГ ХАА редакциясы 22 наурызда ішкі істер министрінің кеңесшісі – ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораздан түсінік беруін сұрады, ол ведомствоның болған жайтқа кейін түсінік беретінін мәлімдеді, бірақ өз уәдесінде тұрмады.
19 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Келесі президенттік сайлауға дейін Сенаттың экс-спикері Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша мемлекет басқарады. Ол өзінің алғашқы идеясы ретінде елорданы Нұр-Сұлтан деп атауды ұсынды, бұл қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды.


Жаңалықтармен бөлісу: