Астана. 8 қараша. ҚазТАГ – Астана мен Қазақстанның үш облысында жұма күні бұрқасын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілуде (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын болады.
«Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кейде екпіні 25 м/с күшейеді. Өскемен қаласында 9 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Семей қаласында 9 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, сулы қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді», - делінген хабарда.
Ақмола облысында да кей жерлерде бұрқасын және көктайғақ. Солтүстік батыстан жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с, түнде және ертеңгісін екпіні 25 м/с дейін жетеді
«Астана қаласында 9 қарашада көктайғақ, бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні – 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», - деді синоптиктер
Астана мен Қазақстанның үш облысында жұма күні бұрқасын және көктайғақ күтіледі
