Астана мен бірқатар облыстарда алдағы күндері дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:34, 13-03-2019.

Астана. 13 наурыз. ҚазТАГ – Астана мен бірқатар облыстарда алдағы күндері дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«14 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. г. Астана: таңертең және күндіз 15 наурызда оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
14 наурызда Қостанай облысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі. Қостанай қ: 14 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, 14-15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланған, жел күшейеді, бұрқасын тұрады және көктайғақ болады.


Жаңалықтармен бөлісу: