Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ- Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының екінші отырысы 11 желтоқсан күні өтеді.
11 желтоқсанда сағат 14:30 - 19:00 аралығында Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының екінші отырысы өтеді.
Astana Open Dialogue – бұл жария пікірталастар өткізу және аналитикалық құжаттар дайындау арқылы біздің заманымыздың негізгі елдік және өңірлік сын-тегеуріндері бойынша шешімдерді талқылауға және әзірлеуге арналған тәуелсіз платформа.
Отырыс аясында мына тақырыптар бойынша үш панельдік сессия өтеді:
1. «Жаңа Салық кодексі: екі оттың арасында»;
2. «Қазақстанның жаңа өсу нүктелері: жауаптар қарапайым ба?»;
3. «Modern Kazakh identity: пікір бірлігі бар ма?».
Іс-шара спикерлері – Үкімет пен Парламент өкілдері, сарапшылар, зерттеушілер және қоғам қайраткерлері, оның ішінде Айдос Сарым, Асхат Аймағамбетов, Екатерина Смышляева, Руслан Берденов, Максим Барышев, Айдархан Құсайынов, Данияр Қосназаров, Айбар Даутов, Яков Федоров және басқалары.
Astana Open Dialogue миссиясы – экономикалық және саяси өлшемдерде үздік басқару тәжірибелерін енгізу мақсатында үкімет, бизнес, азаматтық қоғам және халықаралық қоғамдастық өкілдері арасындағы сындарлы диалог пен ынтымақтастық үшін ашық және тәуелсіз атмосфера құру. Платформаның негізгі артықшылықтары – тәуелсіз болуы және аналитикалық бағыт. Astana Open Dialogue шарасына көзқарастары мен ұстанымдары әртүрлі өкілдер қатысады, бұл өзекті мәселелерді еркін және сындарлы талқылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Өтетін орны: The Ritz-Carlton Astana, Достық көшесі 16
Қатысты сілтемелер
-
Қызылордада бір көпірді реконструкциялауға Т864 млн-нан астам қаражат жұмсамақ
17 Қаңтар 2025, 16:41 -
Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының президентін қабылдады
17 Қаңтар 2025, 14:57