«Астана Опера» Назарбаевтың құрметіне жазылған операмен танысқандарын растады

Астана. 26 маусым. ҚазТАГ – «Астана Опера» театры Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне жазылған операмен танысқандарын растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Жас композитор Рахат-Би Әбдісағын «Астана Опера» театрына «Күнмен нұрланған жол» («Путь, освещенный солнцем») атты өз операсын ұсынды. Қазіргі таңда шығармашылық ұжым ұсынылған партитурамен танысып жатыр. Атап өтелік, композиторлардың жаңа туындысымен танысу – барлық театрдың әлемдік тәжірибесі. «Астана Опера» театры да солардың бірі, олар да үнемі отандық заманауи және шетелдік авторлармен байланыста жұмыс жасайды», - делінген ҚазТАГ ХАА сауалына театрдың берген жауабында.
Бұған дейін «Астана Операда» қысым көрсету арқылы Назарбаевтың құрметіне жазылған операны айтуға дайындалып жатыр деп хабарлаған журналист Әсем Жәпішеваны театр «ҚазТАГ тілшісі» деп атаған.
«ҚазТАГ тілшісі келтірген мәліметтер шындыққа жанаспайды, атап айтсақ, 2019 жылдың 6 шілдесінде осы операның премьерасы болатыны туралы ақпарат. 5-8 шілде аралығында «Астана Опера» сахнасында Абай ат. МАОБТ театрының гастролі аясында бұған дейін жоспарланған спектакльдер өтеді. Атап айтсақ, 6 шілдеде алматылық әртістер Дж.Россинидің танымал «Күлше қыз» («Золушка») операсын ұсынады», - деді театр ұжымында.
Сонымен қатар «Астана Опера» әртістерге қысым көрсетіліп жатқаны туралы ақпарды да теріске шығарып отыр.
«Театр құрылалы бері әртістерге ешқашан ешқандай қысым көрсетілген емес. Театрда шығармашылыққа барлық жағдай жасалған, театр басшылығы да әр әртісті бағалайды», - деді баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 25 маусымда Жәпішева мәжілістің вице-спикері Гүлмира Ісімбаеваның 20 жасар ұлы Рахат-Би Әбдісағын «Күнмен нұрланған жол» («Путь, освещенный солнцем») деп аталатын Елбасыға арналған бүтіндей бір опера жазғанын хабарлады. Журналисттің айтуынша, оған бұл туралы «Астана Опера» әртістері жасырын түрде жазған.
«Олар оны орындаудан бас тартқандарын, бірақ оларды жұмыстан шығарамыз деп қорқытқанын жазды. Енді қазір дайындықта отыр, 6 шілдеге дайындалып жатса керек», - деп атап өткен еді Жәпішева.
Сондай-ақ, ол операдан үзінді келтірген.
«Мүмкін кеш болмай тұрғанда жаттап алу керек шығар? Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. (Призванный выполнять волю Творца на Земле). Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. Жаратушының Жердегі әмірін орындаушы. Әмірін орындаушы», - деп айтып шыққан Жәпішева.
Бұған дейін «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметовтың ұсынысы қоғамдық резонанс тудырған еді. Ол Алматыда Назарбаевпен кездесуде Елбасы құрметіне кезекті ескерткіш орнатуды ұсынған еді. Ахметовтың аталмыш ұсынысты барлық қазақстандық жастардың атынан-мыс деп жасағаны қазақстандықтардың ашуын тигізген еді.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады. Ол 12 маусымнан бастап мерзімінен бұрын өткен сайлау қорытындысы бойынша ресми түрде Қазақстан президенті болып жарияланды.

adimage