Astana Opera театрының директоры ауысты

Күні: 18:21, 13-11-2014.

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Astana Opera Мемлекеттік опера және балет театрының директоры ауысты, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда сайтындағы бейсенбілік хабарда.
Мұнымен қатар президенттің өкімімен бұл лауазымға Төлеубек Әлпиев тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: