Астана орталығындағы Highvill Kazakhstan кеңсе ғимаратындағы өртті 4,5 сағаттай сөндірді

Күні: 10:14, 14-02-2019.

Астана. 14 ақпан. ҚазТАГ – Астана орталығындағы Highvill Kazakhstan кеңсе ғимаратындағы өртті 4,5 сағаттай сөндірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Өрт 1.42-де сөндірілді», - деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) ресми өкілі бейсенбіде.
Еске салсақ, 13 ақпанда Астана ТЖД «101» тетігіне сағат 21.11-де Сарыарқа көшесіндегі Highvill Kazakhstan кеңсе ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде үшінші, өрттің жоғары деңгейі жарияланды. Ішкі құрылымдардың құлауына байланысты өртті сырттан сөндіруге шешім қабылданды. Сондай-ақ, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккердің басшылығымен жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге Астананың ТЖД жеке құрамдағы 67 адамы мен 17 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт шарпыған алаң шамамен 1200 .ш.м. құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Жаңалықтармен бөлісу: