Астана полициясы ЕҚКБ экс-басшысы және бұрынғы тергеуші героин сату ісі бойынша сотталды

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Астана қаласы Полиция департаменті (ПД) Есірткіге қарсы күрес басқармасының бұрынғы бастығы М.Кантурин мен елорданың ПД тергеу басқармасының бұрынғы тергеушісі М. Әзімхан героин сату ісі бойынша сотталды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 29 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Кантурин және М. Әзімхан ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ М. Кантурин қосымша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі, 361-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет істеу құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 10 және 8 жылға сотталды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде нақтылағандай, олар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа түзеу колонияларында өтейді. Сонымен қатар олар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.
ҰҚК-де нақтылағандай, аталмыш тұлғалардың әрекеті 2018 жылдың тамызында әшкереленген. Іс материалы бойынша экс-полицейлер салмағы 658 грамм болатын героиннің сатылымына қатысқан.

adimage