Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. «Астана-Тазалық» техникасының 40% жуығы жұмысқа жарамсыз, деп мәлім етті Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов.
«Егер шынымды айтсам, «Астана-Тазалық» техникасының шамамен 40%-ы жұмысқа жарамсыз. Сондықтан біз техника сатып алуға қаржы бөлдік. 130 бірлік техника әкелінді», - деді Көлгінов бейсенбіде Нұр-Сұлтандағы ТЖД кулуарында журналистердің сұрағына берген жауабында.
Бұған дейін әкім қарды тазалау үшін Нұр-Сұлтанда техника жетіспейді және құрылыс мекемелерінің техникасы тартылады деп айтқан еді.
Елорда әкімдігінің ақпарынша, бүгінгі таңда 1127 бірлік арнайы техника мен 1,7 мың жол жұмысшылары жұмылдырылды. 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні 27 485 текше метр қар шығарылды, ол үшін 2 290 рейс жасалды. Жалпы қыс басталғалы бері 2 191 788 текше м қар (182 649 рейс) шығарылды.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02