«Тапсырыс беруші – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ; атауы - реактивті отын; қосымша сипаттамасы - сериялық шығару, тауардың физика-химиялық көрсеткіштері ГОСТ 10227-86 (1-6 түзетулерімен) сәйкес болуы тиіс; саны - 6500; өлшем бірлік - тонна; жоспарлы сома - Т2 723 035 705», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі бүгін 17 наурызда басталды, 27 наурызда аяқталады.
«Жеткізілетін отын МемСТ10227-86 (1-6 түзетулерімен) соңғы редакциясына және Кеден одағының «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің (КО ТР 013/2011) талаптарына сәйкес сериялық өндірілген, пайдалануға рұқсат етілген және азаматтық авиация әуе кемелерінің тиісті түрлерінің ұшуға пайдалану және техникалық қызмет көрсету құжаттарына енгізілген болуы тиіс», - деп сатып алынатын тауарлардың техникалық сипаттамасында жазылған.
Фото көзі: brinknews.com