Астанада 140 жер телімі қайтарылып алынып, оларды заманауи аялдама жасау үшін абаттандыру жұмыстары жүргізілмек

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Астанада 140 жер телімі қайтарылып алынып, оларды заманауи аялдама жасау үшін абаттандыру жұмыстары жүргізілмек, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресрусынан.  
«Олар бойынша (140 аялдама бойынша – ҚазТАГ) жұмыстар жалғасады: жер телімдерін қайтарып алу керек, сондай-ақ абаттандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау жоспарлануда», - деп хабарлады сейсенбі күні елордалық мәслихат сессиясы барысында Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун.
Қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошун атап өткендей, қалада 1265 аялдама бар
«Оның 897 павильонмен жабдықталған, оның ішінде 39-ы жылы павильон», - деді қала басшысының бірінші орынбасары.
Жыл аяғына дейін бюджет қаражатына 55, ал мемлекеттік - жекеменшік әріптестік шеңберінде 31 жылы аялдама орнату жоспарланған.
«Келер жылы инвесторлардың есебінен жаңа үлгідегі тағы 200 шамасында жылы аялдама қою жоспарланған. Олар желдету, жылыту жүйесімен сондай-ақ қажеттілікті өтейтін бөлмелермен жабдықталады және Wi-Fi орнатылады. Аялдамаларда қоғамдық көліктің жүру бағыты мен уақыты көрсетіліп тұрады», - деді әкімнің бірінші орынбасары.  
Оның айтуныша, осылардың орнында тұрған бұрынғы ашық аялдамаларды Қала көлігін басқару басқармасының ақпаратынша қала сыртындағы аялдамаларға орнатады.  Қалған 228 жарақталмаған аялдама павильонының 140-на павильон қою мүмкін емес.

adimage