Астанада 2018 жылы дауыл кезінде әуе кемесінің ұшу-қону жолағынан шығып кету себебін тексеру аяқталды

Күні: 18:45, 07-02-2019.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Аirbus-320 әуе кемесінің ұшу-қону жолағынан шығып кетуіне байланысты авиациялық оқиғаны тексеру аяқталды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Тексеру жөніндегі комиссиясы 2018 жылғы 22 мамырда «Эйр Астана» АҚ пайдалануындағы Airbus-320 әуе кемесінің Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайына қонғаннан кейін жасанды ұшу-қону жолағынан тыс шығарылуына байланысты елеулі авиациялық оқыс оқиғаны тексеруді аяқтады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
ИИДМ ақпарынша, «Эйр Астана» АҚ пайдалануындағы Airbus-320 әуе кемесімен болған елеулі авиациялық оқыс оқиғаның басты себебі – 311о-ке дейін және 22 м/с-қа дейін жылдамдықпен және бағдармен қатты бүйірлік жел кезінде ұшақтың қонуы болды, кейіннен қонуды орындағаннан кейін жылдамдықтың 6 м/с дейін күрт төмендеуі, себебі қатты бүйірлік желдің орнын толтыру үшін құрастырылған ұшақ (22 м/с дейін) желдің жылдамдығының күрт азаюы жағдайында (6 м/с дейін) жасанды ұшу-қону жолағының осінен оңға қарай кету үрдісін көрсетті, оны экипаж игере алмады және әуе кемесінің жасанды ұшу-қону жолағынан тыс жерге шығарылуына жол берді.
Еске салсақ, 2018 жылы мамыр айының соңында Air Astana әуекомпаниясының Airbus-320 ұшағы Астанадағы қатты дауыл салдарынан қонғаннан кейін ұшу-қону жолағының сыртына жылжып кеткен болатын. Ұшақ бортында 97 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесі тұраққа апарылып қойылған. Азаматтық авиация комитетінің ақпарынша, ұшақ қозғалтқышынан ақау табылған. Әуежай сағат 13.30-дан 14.10-ға дйені жабылды. Бұл оқиғадан кейін әуекомпаниясында тексерудің басталғаны туралы хабарланған еді.
Жапы дауыл кезінде Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының витраждары сынып, қаптамасы мен кірер қақпасы құлаған, елордадағы аудандардың бірінде кран құлаған. ҚР Ұлттық мұражайы мен «Олимп Палас» тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасының кей тұстары жұлынған, Астана учаскелерінің бірінде жеке тұрғын үй шатыры ұшқан. Сондай-ақ, түрлі заттардың құлауынан зардап келген көліктер туралы да ақпар келіп түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: