Астанада 2023 ж. дейін 120 ш. астам жаңа жолдар салу жоспарлануда

Күні: 13:12, 18-09-2018.

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Астанада 2023 жылға дейін 120 ш. астам жаңа жолдар салу жоспарлануда, деп хабарлады елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.
«Жыл сайын көлікпен жүру деңгейінің 8-9% дейін өсуін ескере  келе, 2023 жылға дейін 121 ш. жол, 2 көлік түйіні, 3 көпір, бір өтпежол, бір туннель мен бір айналма жолды аяқтау жоспарлануда», - деп мәлім етті сейсенбідегі үкімет отырысында Б.Сұлтанов.  
Оның айтуынша, көлік қаңқасын қалыптастыру елорда жолдарындағы «көлік коллапсының» туындау мүмкіндігінің алдын алады және қаланың негізгі магистралін 50%-ға дейін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
«Халықтың көші-қоны мен бала туу көрсеткішінің өсуі есебінен жыл сайын халық саны орта есеппен 2,5% өседі деп күтілуде. 2030 жылдарға қарай шамамен 2 млн адамға жету жоспарлануда», - деді Астана әкімі.  


Жаңалықтармен бөлісу: