Астанада 525 спорттық ұйым жұмыс істейді

Күні: 18:40, 27-10-2014.

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – Астанада 525 спорттық ұйым жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімінің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, Астанада жастар арасында жастар мен халық арасында бұқаралық спортты дәріптеу және дамытуға бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұған әр адамға түрлі спорттық үйірмелер мен секцияларда кәсіби спортпен шұғылдануға, сонымен қатар, бассейндерге, тренажер залдары мен мұз айдындарына баруға мүмкіндік беретін спорт нысандары да ықпал етеді.
Қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметінше, бүгінде 525 спорттық ұйым жұмыс істейді. Атап айтқанда, 30 000 орындық «Астана Арена» жабық стадионы, екі спорт сарайы, құрама командалардың екі оқу-жаттығу орталығы, 13 спорт кешені, 6 спорт манежі, бір шаңғы базасы, 26 атыс орны, 17 хоккей және 22 теннис алаңы, 19 жүзу бассейні, 182 спорт залы, сондай-ақ басқа да бірқатар спорт нысандары.
Бұдан басқа, Астанада ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық дене шынықтыру сауықтыру клубы ашылып, белсенді жұмыс істеп келеді. Мұнда гір көтеру, пауэрлифтинг, армрестлинг, және тоғызқұмалақ пен қазақша күрестен жаттығулар өткізіледі.
Елордада қоғамды спортқа және салуатты өмір салтына тарту үшін дене шынықтыру-сауықтыру шаралары, кешенді жарыстар мен байқаулар жүйелі өткізіліп тұрады. Жалпы, екі жылда 600 жуық осындай шара ұйымдастырылды.


Жаңалықтармен бөлісу: