Астанада 6 мектептің құрылысы аяқталды

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Астанада 6 мектептің құрылысы аяқталды, деп көрсетілген елорда әкімінің ресми сайтында.
«Елордада білім беру нысандарын салу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Биыл 10 700 орынға есептелген 9 мектепті пайдалануға беру көзделген. Қазіргі кезде 6 нысанның құрылысы аяқталды», - делінген сәрсенбі жарияланған хабарда.
Бұдан басқа, 5 575 орынға есептелген алты мектептің құрылысы жалғасуда, соның ішінде екеуі 800 орындық КТМ, құрылысты аяқтау мерзімі - 2015 жыл. Жыл соңына дейін үш мектеп салынып бітеді.
«Сонымен қатар, бүгінде Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысында орналасқан 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 5 балабақша мен 1 260 орынға есептелген 1 қосымша ғимарат салынып бітеді. 1960 орынға есептелген 8 балабақшаның құрылысы жалғасуда», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

adimage