Астанада алдағы үш тәулікте аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 13:43, 03-01-2019.

Астана. 3 қаңтар. ҚазТАГ – Астанада алдағы үш тәулікте аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет ресурсынан.
«3 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде -23...-25°С, күндіз -17...-19°С. 4 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с құрайтын жел соғады. Сынап бағанасы түнде -25...-27°С, күндіз -17...-19°С көрсетеді», - деп хабарлады бейсенбіде «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
5 қаңтарда да күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз.
«Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -22...-24°С, күндіз -12...-14°С құрамақ», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: