Астанада алдағы жылы жаңа автопарк өз жұмысын 2015 жылы бастайды

Күні: 11:40, 29-10-2014.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ – Астанада алдағы жылы жаңа автопарк өз жұмысын 2015 жылы бастайды, деп хабарлады елорда әкімшілігінің ресми сайты.
Хабарда айтылғандай, Астанада қыркүйек айында басталған жаңа коммуналдық автопарктің құрылысы бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде ғимаратты салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған.
Автопарк қаланың Индустриалды паркі аумағында орналасқан, жалпы ауданы - 7,4 га және 150 автобусқа есептелген. Бұған дейін нысанда барлық ережелер мен нормаларға сәйкес топографиялық түсірілім жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Коммуналдық қызметтерден инженерлік желілерді қосу үшін барлық қажетті техникалық шарттар алынды, діңгектер қағылды, бағана фундаменті мен тіреуіштер орнатылды.
Құрылыс жоспарына сәйкес жаңа коммуналдық автопарк ғимараты 2015 жылғы шілде айында пайдалануға берілмек. 2015 жылдың соңына қарай 350 заманауи автобус сатып алатын елордалық тасымалдаушы компаниялар үшін аталған нысан аса қажет.


Жаңалықтармен бөлісу: