Астанада, Алматы мен Шымкентте сәрсенбіде қар жауады деп күтілуде

Күні: 09:19, 19-12-2018.

Астана. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Астанада, Алматы мен Шымкентте сәрсенбіде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада алдағы тәулікте қар жауады. Екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Күндіз -7-9, түнде -9-11.
Алматыда күндіз қар жауады деп күтілуде, түнде бұлтты. Күндіз 0-2, түнде -4-6.
Шымкентте синоптиктер қар жауады деп болжауда, аздаған жел тұрып, екпіні 5 метр секундқа жетуі мүмкін. Күндіз +1+3, түнде -3-5.


Жаңалықтармен бөлісу: